ШАМО ФАТОЕВ: БІЗДІҢ ИГІЛІГІМІЗ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗДЕГІ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ

Новости

Құрметті қазақстандықтар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тәуелсіздік күні мерекесі біздің мемлекетіміздің бостандығы мен құдіретінің нышаны болып саналады.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен жалғастырды, тәуелсіздік жылдары біз әлемдік мойындауға және үлкен ілгерілеуге қол жеткіздік.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана және көреген саясатының арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық қарқыны дамып, әл-ауқатымыз өсіп келеді, жаңа астананың іргетасын қаладық.

Астана еліміздің жаңа мүмкіндіктерін ашып, әлемде Елордамызды бейбітшілік пен бірліктің астанасы ретінде танитын болды. Бірақ ең бастысы – Елбасы айтқандай, біздің игілігіміз – ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім.

Еліміздің басты мерекесі құтты болып, барлық қазақстандықтарға бейбіт аспан, бірлік, бақыт, денсаулық, игілік және өркендеу тілеймін!

Шамо Фатоев,

Астана қаласының «Барбанг»

күрділер қауымдастығы РҚБ

филиалының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *